«Бастауыш сыныптар апталығы» аясында

       2015 ж. 23 қарашасынан 30 қарашасына дейін Октябрь ЖОББ мектебінде өткен «Бастауыш сыныптар апталығы» аясында көптеген ашық сабақтар мен түрлі шаралар өткізілді.

       Үлкен үзілістер кезінде ұйымдастырылған «Ертегілер жолымен», «Ой қозғау», «Интеллектуалды сұрақтар», «Біз тұратын өлке» викториналары мен ойындары; «Тұңғыш Президент күніне» арналған музыкалық композиция өте қызықты өтті.

 

        Сонымен қатар оқушылар «Президентке хат» атты шығармалар сайысына белсенділікпен қатысты. Бұл тақырыптағы он екі жұмыстың ішіндегі ең үздік шығармалар иелері  - 4 б сынып оқушысы Михайлицкая Н.(1 орын), 3 Б сынып оқушысы Давранова К. (2 орын), 3 А сынып оқушысы Дүйсебаев Х. (3 орын) болды.

        Апталық барысында 2-4 сынып оқушылары арасында «Үздік күнделік» байқау-сайысы өтті. Жеңімпаздар Пфафинрот А. – 1 орын (2 Б), Сейілханова К. – 2 орын ( 3А), Колодровская Е. – 3 орын (4 Б).

        «Орыс тілінен ең үздік дәптер»:  Михайлицкая Н. – 1 орын (4 Б), Давранова К. - 2 орын (3 Б), Сүлейменов Д. – 3 орын (2Б).

        «Математикадан ең үздік дәптер»:   Батурина М. – 2 орын (4 Б), Колодровская Е. – 2 орын (4 Б) Давранова К. - 3 орын (3 Б).

        «Қазақ тілінен ең үздік дәптер» :  Балғабай Д. – 2 орын (3 А), Дүйсебаев Х. – 2 орын (3 А), Әубәкірова Ш. – 3 орын (2 А).

        1 Б сынып оқушылары «Менің Қазақстаным» атты суреттер сайысында белсенділік танытты.

        Апталық бастауыш сынып мұғалімдерінің табандылығы арқасында өте қызықты да тартымды өтті. Жеңімпаздарға Мадақтамалар мен сыйлықтар тапсырылды.

       Апталық барысында оқушылар өз білімдерін толықтырып, біліктіліктерін кеңейтті деген сенімдемін.

      Әріптестеріме зор денсаулық, шығармашылық табыс  және дарынды оқушылары көп болуын шын жүректен тілеймін.

                                        Октябрь ЖОББМ

бастауыш сыныптар ӘБ жетекшісі:                             С.Қ. Қоқымбаева